1963 ж. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қ. дүниеге келген. Сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін, Өскемен музыкалық училищенің аккордеон сыныбы бойынша тәлімгер мамандығына түсті. 20 жыл Шемонаиха өнер мектебінде тәлімгер болып жұмыс істеді. 2002 жылдан жоғары санаттағы аккомпаниатор және Шемонаиха ауданының Мәдениет үйі музыкалық ұжымының хормейстері. Музыкадан басқа, 14 жасынан өзін өлең мен ән жазуға байқаған. 2010 жылдан «Звено Алтая» әдеби бірлестігіне енді.