Земляно́й Игорь Степанович 

 1967 жылы 26 мамырда Қазақ КСР ШҚО Первомайка а. туған. Кеңес және қазақстандық хоккейші, сол жақтағы қорғаушы.Қазақстан құрамасының ойыншысы. Өскемен хоккейінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушысы - Владимир Решетников. Мансабы 1984-2004. Қазақстан құрамасымен Олимпияда ойындары мен бес әлем чемпионатына қатысқан. 1992 ж. Қазақстанның үздік ойыншысы. Әлем чемпионаттары, Азия ойындары мен Наганодағы Олимпиада-98  бірнеше дүркін қатысушысы. Евролигияның 2 дүркін чемпионы, Ресейдің 2 дүркін чемпионы, Ресей чемпионатының бірнеше сыйлығына ие болған.