Колтунов Андрей Владимирович. 1974 жылы Талдықорған облысы Қапал а. туған. 1977 жылы отбасымен Шемонаиха ауданының Усть-Таловка а. көшіп келеді. Балабақшадан денсаулығының нашарлығына байланысты дене шынықтырудан босатылған. Анасының ұлына деген сенімдігінің, оның алған бетінен қайтпайтынының арқасында денешынықтыру сабағына бара бастайды. 4 сыныпта жеңіл атлетика секциясында шынығады (Жаттықтырушы Подкорытов В.В.). 6 сыныптан гир спортымен әуесқойланады (жаттықтырушы Галкин С.М.). Спорт туралы көп кітаптар оқып, өздігінен жаттығу жүйесін әзірлеп сол бойынша айналысқан.18 жасында Усть-Таловка ауылында гир спорты бойынша ресми жаттықтырушы болады. Жаттығулар шағынотбасылық жатақхана жертөлесінде өткізілген. Гир спорты бойынша алғашқы тәрбиеленушілері Иванов Вадим «облыс чемпионы), Колтунов Павел (облыс чемпионы) және басқалары болады.

 

Цыкунов Евгений, Колтунов Павел, Пастухов Сергей жеткіншектер арасындағы гир спорты бойынша Қазақстан чемпионы аталды. 1993 жылы армспорт бойынша жаттығу басталады. 1999 жылы Колтунов Павел мен Галина Ершова Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары болады.

 

Колтунов А.В. Алтай Республикасының армспорты Федерациясының төрағасы болып табылады. Халықаралық кластағы спорт шебері. 

 

 

 

А.В.Колтуновтың тәрбиеленушілері

Жеткіншектер арасындағы гир спорты бойынша Қазақстан чемпиондары:

Колтунов Павел - абсолюттік чемпион.

Трашков Денис, Водолазов Сергей, Цыкунов Евгений,Соколов Сергей, Русинов Сергей, Пастухов Антон.

 

армрестлинг бойынша Қазақстан чемпиондары:

Чащин Артем жеткіншектер арасындағы Қазақстан чемпионы

Попков Виталий – қайғылы жағдайда қайтыс болған, оның құрметіне Усть-Таловка а. турнир өткізіледі.

 Спорт шеберлері:

Акентьев Валерий

Крузмягина Наталья

Халықаралық кластағы спорт шеберлері: 

Колтунов Павел Владимирович

Ершова Галина А.