Рыльский Яков Ануфриевич

25.10.1928-9.12.1999 ж.т.

Қазақ КСР Шемонаиха ауданы Верх-Уба а. туған. Қылышшы, фехтования бойынша КСРО спорт шебері, 1964 жылғы олимпияда чемпионы, Мәскеу қ. «Динамо» спорт қоғамдастығы үшін сайысқан.

 

Марапаттары мен медальдары:

1956 ж. Олимпияда ойындары Мельбурн командалық қылыштасу. Қола

1964 ж. Токиодағы Олимпияда ойындарының алтын иегері командалық қылыштасу бойынша.

Әлем чемпионаттары:

Рим 1955 ж. Қола, командалық қылыштасу

Париж 1957ж. Күміс, командалық қылыштасу

Филадельфия 1958ж. Алтын. Жеке қылыштасу

Филадельфия 1958ж. Күміс. командалық қылыштасу.

Будапешт 1959ж. Қола. командалық қылыштасу

Турин 1961ж. Золото. Алтын,жеке қылыштасу

Турин 1961ж. Күміс, командалық қылыштасу

Буэнос-Айрес 1962ж. Қола, командалық қылыштасу.

Гданьск 1963ж. Күміс, командалық қылыштасу

Гданьск 1963ж. Алтын, жеке қылыштасу

Париж 1965ж Алтын, командалық қылыштасу

Мәскеу1966ж. Күміс, командалық қылыштасу

1961 жылдан КСРО еңбегі сіңген спорт шебері

    Фехтованиямен 1950 жылдан айналыса бастаған, 1953 жылы КСРО құрамасына кірді. 1954 жылы ел чемпионатын жеңіп алды, және де оны үш мәрте жеңген. 1956 жылы Мельбурндағы Олимпияда ойындарына қатысқан. Финалда КСРО командасы Польша мен Венгрия  командаларынан жеңіліп қалды, алайда ол Франция командасына 3ші орын үшін матчта тойтарыс беріп қола жүлдегері атанды. 1958 жылы әлем чемпионатында алдыңғы орын алды. 1960 жылы Римдегі ойындарға олимпияда ойындары құрамына кірді, онда кеңес қылышшылары 5ші орын алды, ал Рыльский жеке біріншілікте сегізінші болды. КСРО құрама командасына 1953 жылдан 1966 ж. дейін кірді. 1961 жылы әлем чемпионатына екінші мәрте жеңіп, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері атанды. 1963 жылы үш дүркін әлем чемпионы болып, Парижде Дантцер кубогын ұтып алды.

   Келесі жылда Токиодағы Олимпиядада Рыльский кеңес командасы құрамында алтын жүлдегері, жеке біріншілікте төртінші болды.

Қылыштасу бойынша командалық жарыстардағы 1964 жылғы Олимпияда ойындарының чемпионы, 1956 жылғы Олимпияда ойындарының қола иегері. 1960 жылғы Олимпияда ойындарына қатысушы. (жеке жарыстарда сегізінші орын).

1958.1961.1963 жылдардағы жеке біріншіліктегі әлем чемпионы, 1965 жылы командалық біріншілікте. 1957, 1958, 1961, 1963, 1966 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері.,1955, 1959, 1962 жылдардағы командалық қылыштасудағы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері. Жеке және командалық қылыштасудан он екі дүркін әлем чемпионаттарының жүлдегері. 

1954, 1955, 1957 , 1958 жылдардағы КСРО чемпионы. 1956 жылғы КСРО халықтарының спартакиадасының жеңімпазы.

Қылыштасуды тоқтатқаннан кейін «Динамода» жаттықтырушы болып, одан кейін- ЦСКА сорт жабдықтандырушы жөніндегі жұмысшы болып қызмет атқарған. «Московская сабля» турнирінде Яков Рыльский сыйлығы беріледі.

 

           

Профиль на сайте Федерации фехтованияРоссии

Статистика  выступлений Якова  Рыльского  на Олимпиадах:  http://www.sports-reference.com/olympics/athletes/ry/yakov-rylsky-1.html

Б.Валиев.Танец с саблями Якова Рыльского//Советский спорт. —25 октября 2003.