2009 жылы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шеберіне кандидат. 2017 жылдан бастап еркін күреспен айналысады. Шемонаиха ауданының 4 дүркін чемпионы. Шығыс Қазақстан облысының 3 дүркін чемпионы. Республикалық турнирдің 5 дүркін жүлдегері және чемпионы. Ашық Республикалық турнирдің 3 дүркін жүлдегері.