1949 жылы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Красная Заря ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Шемонаиха ауданы Первомайка к. В.И. Ленин атындағы мектепті бітірді және Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан мемлекеттік институтына «Дене тәрбиесі» факультетіне оқуға түсті. Институтты бітіргеннен кейін ол мектепте жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. 1970-1980 жылдары Первомайка к. В. И.Ленин атындағы мектепте жаттықтырушы-ұстаз, 1980 жылдан бастап БЖОМ жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша Жоғары Спорт Шеберлігі мектебі» ММ жұмыс істейді.
Осы жылдар ішінде шаңғы жарысынан 5 спорт шеберін, спорт шеберіне 20 кандидатты, халықаралық дәрежедегі 2 спорт шеберін тәрбиеледі: Лиличенко В., Люфт И. В.
2018 жылы - В. П. Захарченко Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды.