Туған күні:1957-03-27

Туған жері: ШҚО, Шемонаиха қ.

1985 жылы Қарағанды кеңес саудасы кооперативтік институтының «Бухгалтерлік есеп, талдау және бақылау» мамандығы бойынша аяқтаған. 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ (Алматы қ.) «Совершенствование учета, аудита и анализа запасов. На примере АО «Усть-Каменогорский конденсаторный завод» тақырыбына экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2009 жылдан «Бухгалтерлер және аудиторлар» Ассоциациясының мүшесі болып табылады.

2000ж.-2001 ж. дейін Қар.ГТУ ШҚ филиалында кафедра доценті болып, кейін 2004ж. дейін   Өскемен кәсіби даярлық және сервис колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасары болып жұмыс атқарды. 2004 жылдан 2005ж.дейін Шығыс Гуманитарлық институтында «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті болды. 2005 жылдан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кафедра доценті болып жұмыс істеді, 2014жылдан қазіргі уақытқа дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қаржы және есеп» кафедрасының профессоры болып табылады.

Шолпанбаева К.Ж. ШҚО шағын, орташа және ірі кәсіпорындар бухгалтерлеріне, ЖОО мен колледж мұғалімдеріне арналған біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастырушы болып табылады, ХҚЕЖбухгелтерлік есепті аудару бойынша кәсіпорындарға кеңес береді. «ДАМУ» желісі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы ЦПКтабиғи монополиялар бухгалтерлеріне арналған қысқа мерзімді курстар, ХҚЕЖ пайдалану бойынша кәсіби бухгалтерлерді оқыту бойынша семинарлар өткізеді.Экономикалық ғылымдар кандидаты.

К.Ж.Шолпанбаеваның жалпы ғылыми және әдістемелік еңбектерінің көлемі 100 аса атау, оның ішінде 3 монография, 3 оқу оқулықтары, 4 электрондық кітаптар, 1-не Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі Комитет берген, авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алынған.

 

Маңызды еңбектер тізімі:

  1. Шолпанбаева К.Ж. Совершенствование учета, аудита и анализа запасов.-Өскемен, 2010 (13п.л.)
  2. Шолпанбаева К.Ж. және басқалары. Методические подходы формирования финансовых ресурсов предприятия.// Ұжымдық монография. — Өскемен, 2014.
  3. Шолпанбаева К.Ж., Белоусова Л.И. және басқалары.. Теория и практика формирования финансовых ресурсов предприятия.// Коллективная монография. Актуальные вопросы функционирования и оптимизации финансовых аспектов развития экономики государства. — Өскемен: С.Аманжоловатындағы ШҚМУ, 2014.

ҚР БҒМ ұсынылған оқу оқулықтары:

Шолпанбаева К.Ж. Особенности учета в сельском хозяйстве. — Өскемен, 2015.(6,5п.л.)

ЖОО Ғалымдары кеңесіне ұсынылған оқу оқулықтары:

  1. Шолпанбаева К.Ж. Управленческий учет. — Өскемен, 2010.
  2. Шолпанбаева К.Ж. Финансовый учет 1. — Өскемен, 2014.