Липп Виктор Александрович

 30.09.1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген.

          1964 жылы Челябинск ауыл шаруашылығын механикаландыру және эликтрификациялау институтын бітіргеннен кейін «Вперёд» совхозында машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, 1966-1969 жылдары «Шумовский» (Красноармейский ауданы) совхозында бас инженер болды. «Исследование агрегатного метода устранения отказов комбайнов К-4 с целью повышения их работоспособности» кандидаттық диссертациясын қорғады (1972 ж.). Техника ғылымдарының кандидаты, профессор.

      Диссертацияны қорғағаннан кейін Виктор Александрович ЧАШМЭИ-да ассистент, доцент, ал 1975-1979 жылдары басқару кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

       1979-1985 жылдар аралығында «Красноармейский» совхоз-техникумының директоры болды. 1986 жылдан Курганск ауыл шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1992 жылы Красноармейский совхоз-техникум базасында Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетінің филиалы ашылды - агроэкология институты және В. А. Липп оның директоры болады.

      100-ге жуық ғылыми мақалалардың, әдістемелік нұсқаулардың және оқу құралдарының авторы, олардың көпшілігін студенттер де, ауыл шаруашылығы мамандары да пайдаланады. Тікелей оның басшылығымен 4 кандидаттық диссертация қорғалды.

     Ол Челябинск (1982-1985) және Курганск (1990-1992) облыстарының депутаты болып сайланды, Красноармейск аудандық депутаттар кеңесінің және Красноармейск муниципалды ауданының депутаттар жиналысының депутаты болды.

       Ғылыми-педагогикалық, тәрбие, қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін 1988 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1994 жылы «Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағы берілді, 2003 жылы II дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен, 2007 жылы Агроэкология институтының 15 жылдық мерейтойына байланысты Челябинск облысы губернаторының Құрмет грамотасымен марапатталды.

      2000 жылы аймақтың дамуына қосқан зор үлесі үшін В.А. Липпке Челябинск облысының «Красноармейск ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

        2012 жылы қайтыс болды.

 

Мақалалар:

Николаева В. Большой вклад/В.Николаева//Маяк. – 2001. – 17 января

Сілтемелер:

https://insagro.sursau.ru/about/news/9599/

https://bibl.krasnoarmeiki.ru/pochetnye-grazhdane-krasnoarmejskogo-rajona