Тулина Кадиша Балашевна

      1942 жылы 8 маусымда Ресей Федерациясының Кемерово облысы Кемерово қаласында дүниеге келген.

      1977 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша үздік бітірген. Интернатураны бітіргеннен кейін 1978 жылы Шемонаиха орталық аудандық ауруханасында учаскелік терапевт ретінде еңбек жолын жалғастырды. 1986 жылы ауданның амбулаториялық-емханалық қызметі бойынша бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Орталық аудандық аурухананың онколог-дәрігері.

     1991 жылдан бастап «Қазақ тілі» аудандық қоғамының төрайымы және  Шемонаиха қаласында қазақ тілінде оқытатын алғашқы балабақша мен бірінші сыныптардың ашылуына ықпал етті. Мешіт пен аудандық Достық үйінің ашылуына белсенді қатысты. «ШҚО халықтарының Кіші Ассамблеясының» мүшесі.

       «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» Қазақстан Республикасының медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, бірнеше рет ШҚО әкімінің, аудан әкімінің, ШҚО Денсаулық сақтау департаментінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

       Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға және белсенді қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 қарашадағы № 9/2-VI шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.