Козлов Аркадий Гаврилович

         1929 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылында дүниеге келген.  Н. К. Крупская атындағы Мәскеу халық университетінің сурет және кескіндеме факультетін сырттай бөлімін бітірген. 1951 жылы Өскемен педагогикалық училищесін бітірген. 1962 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Шемонаиха ауданының Выдриха мектебінде сурет мұғалімі болып жұмыс істеді. Картиналар Мәскеуде ХШЖК - де, Алматыда, облыс және аудан мұражайларында қойылды. Суреттердің бір бөлігі Шемонаиха аудандық тарихи-өлкетану мұражайында және Выдриха а. А. С. Иванов атындағы мектеп мұражайында сақталған.  Жеңіс мерейтойына арналған Дүниежүзілік көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауының лауреаты I және II дәрежелі дипломдары бар. Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы.