Белкин Александр Васильевич

       1955 жылы 12 тамызда Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Змеиногор ауданы, НовоКузнецовка ауылында дүниеге келген.

   Алтай ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын 1977 жылы Алтай өлкесі Змеиногор ауданының «Восход» колхозында өндірістік учаскенің агрономы ретінде бастады. 1980 жылы Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. 1981 жылдан бастап Выдриха ауылында тұрады, «Родина» колхозында бас агроном болып жұмыс істеді. 1996 жылғы қарашадан бастап «Белкин А. В.» шаруа қожалығын басқарды, 2005 жылғы қаңтардан бастап «Выдрихинское» ЖШС директоры болып табылады.

   «Құрмет» орденімен, ХШЖК күміс медалімен, «Тыңға 50 жыл» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

    Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен зор үлесі үшін аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 қарашадағы № 9/2-VI шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.