Ақшалов Секен Жексенбайұлы

         1925 жылы 25 қазанда Семей облысы Абралы ауданының 3 ауылында дүниеге келген.

       1943 жылы ол 2-ші Украина майданына жіберілді. Германия аумағындағы әскери қимылдарына қатысты. 1945 жылдың тамызынан бастап Жапониямен соғысқан. 1948 жылы сәуірде ол Шемонаиха қ. келіп, Шемонаиха қ. станциясының теміржолында еңбек жолын бастады, онда ол 38 жылдан астам жұмыс істеді

       «II дәрежелі Отан соғысы» Орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

         2005 жылы Астанада өткен салтанатты Жеңіс шеруінде Шығыс Қазақстан облысынан ардагерлер делегаты болды.

      Жауынгерлік еңбегі және ардагерлер қозғалысына белсенді қатысқаны үшін аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/4-III шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.