Горьковой Дмитрий Анатольевич

        1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы органдарында жұмыс істеді (2007-2015);

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары (2015-2020);

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі (09.20-04.2023 ж.).

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған.

        2023 жылдың 21 сәуірінде қайтыс болды.