Социалистік Еңбек Ерлері Шемонаиха ауданының тумалары
- Толығырақ
- Категория: Социалистік Еңбек Ерлері
Гайдайчук Иван Арсентьевич.
1922 ж. Украина КСР (қазірде Украина Республикасы) Каменец-Подольской облысы Черно-Островский ауданы Черново а. шаруа отбасында туған. 1940 ж. ата-анасымен бірге Шығыс Қазақстан Облысы Шемонаиха ауданы Кабаново а. көшіп келіп, осында «Рассвет» колхозында тіркеуші болып еңбек еткен. 1941 ж. Үлкен Нарым механизация мектебінің тракторшы мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын «Рассвет» артелінде бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 ж. қыркүйегінде Иван Гайдайчук соғысқа кеткен, жаумен Кавказда шайқасып, жараланған. Сауыққаннан кейін шоферге оқып және де әскери автомашинамен Белорусь, Польшаға дейін барған. Жеңісті Германияда қарсы алды. Соғыстан қайтарылған соң он жылдан артық Шемонаиха МТС (машина-трактор станциясы) тракторшы әрі трактор бригадасының бригадирі, одан кейін «Новая жизнь» ауылшаруашылық артелінің кешенді бригадасы бригадирінің көмекшісі және тракторшысы, сондай ақ «Краснопартизанский» совхозының екінші бөлімінің бригадирі болған.
Тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша жұмыстардағы жетістігі, табысы, және жоғарғы астық алғаны үшін Ленин ордені және «Серп и Молот» алтын медалі берілуімен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді 1956 ж. И. А. Гайдайчук бригадасы дәнді-дақылдарға 1550 гектар егістік жер өңдеді. Механизаторлар жоғары міндет алды: аса көп астық алу- және оны абыроймен атқарды. Бригада гектардан орташа алғанда 24,5 центнер дақыл алды, оның ішінде бидай 844 гектар ауданнан- 25 центнерден. Социалистік Еңбек ері атағы 1957 ж. 11 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Жарлығымен берілді тың және тыңайған жерлерді игерудегі және жоғары өнім алудағы ерекше табыстары үшін. Ол үлкен қоғамдық жұмыс атқарған, Шығыс Қазақстан облыстық еңбекшіл депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Қайтыс болған жылы мен күні орнатылмаған.
И. Гайдайчук туралы әдебиеттер
Кітаптар:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Гайдайчук Иван Арсентьевич: б. 302.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст]. Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Интернет ресурсы:
Гайдайчук Иван [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Гайдайчук Иван [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Гайдайчк,_Иван_Арсентьевич (10.01.2018)
Михайленко Василий Иванович.
07.06.1929 ж. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Рулиха а. көпбалалы шаруа отбасында туған. Михайленконың барлық саналы өмірі Шемонаиха ауданы Выдриха а. өткен. 1937 жылдан 1943 ж. дейін мектепте оқыды, Ұлы Отан соғысы жылдарында 13 жасынан Жданов атындағы колхозда іртүрлі жұмыс істеген. 1947-1950 ж. Аврора МТС (машина-трактор станциясы) токарь шәкірті мен токар болып жұмыс істеген. Одан кейін Кеңес Армиясы қатарында Қиыр Шығыста қызмет еткен. 1955 ж. Глубокое ауданы Белоусовка а. комбайыншы курсын аяқтаған. 1958 ж. Аврора МТС тарағаннан кейін Жданов атындағы колхозға ауысып, сонда комбайыншы, кейінірек 1988 ж. зейнетке шыққанға дейін жастардың тәлімгері болып жұмыс атқарған. 1963 жылы 36 күн ағымында 611 гектардан 7273 центнер бидай алды. Ал 1964 жылы 34 күн ішінде 594 гектардан 6225 центнер бидай орған. 1966 ж. 23 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Жарлығымен «За высокие производственные показатели и умелое использование сельскохозяйственной техники» Ленин ордені және «Золотая Звезда» алтын медалі берілуімен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған, олар Алматы, Өскемен, Шемонаиха мұражайларында сақталған. 1969 жылы Мәскеу қ. Бүкілодақтық колхозшылар съезінің делегаты болыған. 1973 жылы КСР Қазақ Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Михайленко В. И. туралы әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Михайленко Василий Иванович: Б. 533.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст]. - Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Тютюньков Павел Парфенович.
1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Лосиха а. (қазіргі уақытта Верх-Уба а.) шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1933 жылы «Гигант пятилетки» ауыл шаруашылық артелінде бастаған. 1936 ж. 1938 ж. дейін Аврора МТС (машина-трактор станциясы) жанындағы тракторшылар курсында оқыған (Рулиха а.). Оқуын аяқтағаннан кейін Қызыл Әскерге шақырылды (1938-1940ж.). Ұлы Отан соғысы майданына денсаулық жағдайы бойынша шақырылмады. 1944 жылдан «Гигант пятилетки» колхозында трактор бригадасының бригадирі, Ленин атындағы (бұрынғы «Гигант»)колхоздың трактор бригадасының бригадирі, сондай ақ «Ждановский» совхозында кешенді бригада бригадирінің көмекшісі. 1961 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы «Ждановский» совхозында тракторшы. 1964 жылы 18 жұмыс күн ішінде жоспарда 340 гектар болғанда, ол 380 гектарды шауып, 5157 центнер дән-дақыл алды. Одан басқа, 8 күн ішінде 82 гектар күнбағыс шауып 1460 центнер дән алды. 1965 жылы одан да көп жинады – 390 гектар дақыл және 115 гектар күнбағыс. 1966 жылғы табысы ерекше маңызды. Ол совхоз бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді: 6783 центнер дақыл және 2014 центнер майлыдәндер орды. Ол басқарған топ отамалы дақылдар өсіру бойынша 100 гектар ауданда бір гектардан 289 центнер жасыл жүгері массасын алды. Үш жыл ішінде тоннадан жоғары жағармай үнемдеді. Еңбек жолын 1978 жылы зейнетке шыққанда аяқтады.
Өнідіріс пен дән-дақылдарды дайындауды арттырудағы жеткен табысы үшін Социалистік Еңбек Ері атағы 19.04.1967ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Жарлығымен берілді. «За доблестный труд», «За освоение целинных земель» үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі, Қазақ КСР құрмет грамоталарымен, «ВСХВ» (1966ж.) медалдарымен, Ленин орденімен марапатталған. Зейнетке шыққаннан кейін Тольятти қ. тұрған, сонда сексенінші жылдары жерленген.
Ақпарат көздері
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тютюньков Павел Парфенович: б. 767.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст]. Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Тютюньков Павел Парфенович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Тютюньков Павел Парфенович [Электронный ресурс] : [биография] // Первый народный сайт о Шемонайхинском районе: сайт. – Режим доступа : http://shemonaikha.kz/rus/people/tyutyunkov.php (09.01.2018)
Иванов Анатолий Степанович.
05.05.1928 ж.-31.05.1998 ж. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында дүниеге келген. Жеті сыныпты Анатолий Ленин атындағы мектепте, ал сегізінші сыныпты Шемонаиха орта мектебіне оқуға түскен (1967 жылдан Н.Островское атындағы). А. Иванов орта мектепті 1945 жылы бітірген. 1946 жылы С.М.Киров ҚазММ оқуға түсті. Оқу кезінде Иванов өзінің алғашқы корреспонденциялар, мақалалар, очерктерін жаза бастаған. Армиядан қайтарылғаннен кейін Новосибирск облысы Мошковский ауданында «Ленинское знамя» газетінде редактор болып жұмыс жасаған.
Алғашқы туындысы- «Дождь» әңгімесі- 1958 жылы жарияланды. «Алкины песни» повесті бойынша радиопьеса, опера, спектакль қойылған. «Повитель» романы 1958 жылы «Сибирские огни» журналында жарияланды. «Повеитель» романы жарыққа шыққаннан кейін Анатолий Степановичті Жазушылар Одағына қабылдайды. 1958 жылдан 1964ж. дейін ол «Сибирские огни» журналының бас редакторы орынбасары болып жұмыс атқарады.
1963 жылы «Сибирские огни» журналында, ал одан кейін «Роман-газетінде» және Мәскеуде жеке басылым болып миллиондаған таралыммен А.Ивановтың «Тени исчезают в полдень» жаңа романы шығады. «Тени исчезают в полдень» романынан кейін Анатолий Степанович кең танымал болды. Осы туындының сарыны бойынша түсірілген фильм мемлекеттік сыйлық алды.
«Вечный зов» роман-эпопеясын Анатолий Иванович 1963 жылдан 1975 жылға дейін 12 жыл жазған. Бұл туындыда бірнеше ұрпақ кейіпкерлері өмір сүріп, сүйіп, қайғырып, өмір сынақтарынан өтіп кейбіреуі мықтырақ болып, ал кейбіреулері өзін-өзі жоғалтады. Роман оқиғалары, кейіпкерлердің істеген істері арқылы ел өмірбаяны жеңіл қаралады.
Кеңес әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін өз туындыларына әлеуметтік әділеттілік салтанатын бейнелегені үшін А.С.Иванов 1984 ж. 14 қарашасында Социалистік Еңбек Ері атағын алады, «Орден Ленина» «Серп и молот» алтын медальін. Алғашқы кітабы «Вечный зов» роман-эпопеясы үшін Иванов Горький атындағы РКФСР Министрлер Кеңесінің және БКООК алғашқы сыйлығына және КСРО жазушылар Одағы сыйлығына лайық болды. Фильмге сценария жасағаны үшін КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1993 жылы "Ерма«" туындысы жарияланды. Повест жазылғаннан кейін төрт жыл өткен соң түсірілген аттас фильм 1997-1998 жылдары ресейлік видеопрокаттың көшбасшысы болды.
Көптеген жылдар бойы қарқынды жазушылық жұмысын Иванов белсенді қоғам, редакторлық және мемлекеттік қызметтермен қатар алып жүрді. 1969 жылдан «Молодая гвардия» журналы бас редакторының орынбасары, 1972 жылдан журналдың бас редакторы болды. КСРО Жазушылар Одағын Басқару хатшысы, КОКП 27 съездінің делегаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірнеше жиынының депутаты болып табылған. «Өскеменнің құрметті азаматы», «Шемонаиха ауданының құрметті азаматы» құрмет атағы берілген. 2000 ж. Новосибирск тұрғындары Ивановқа «20 ғасыр азаматы» атағын берді.
Анатолий Степанович 1999 жылы 31 мамырда дүниеден өтті.
ТАҚЫРЫПТЫҚ РЕСУРС "А.С.ИВАНОВ" (Өмірбаяны мен шығармашылығы):
Кузьмин Николай Федорович.
28.05.1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында туған. 1942 жылы Белоусовка кенінде жарғыш болып еңбек жолын бастаған. 1943-1945 ж. Кеңес Армиясында қызметкеткен, Ташкент минометтік училищесін бітірген. 1945 жылдан КОКП мүшесі. 1951 жылы Алма Ата жоғарғы партиялық мектебін аяқтаған. Ұлы отан соғысына қатысушы. 1946 жылы Шемонаихада үнемдеуші-жоспарлаушы болып жұмыс жасаған. 1947-1961 ж. комсомол және партиялық басқарушысында болды. 1961 жылдан – Катон-Қарағай бірінші хатшысы, 1963 ж.- Зырян аудандық партия комитеті, 1965ж.- 1980 ж.- Қазақстан Компартиясының Зыряновск қалалық комитетінің бірінші хатшысы. Зыряновск партия ұйымын басқара отырып, негізгі назарын қорғасын комбинатының өндірістік қуаттылығын өсіруге бағыттаған. Ол басқарушылық еткенде екіншісі салынып және де үшінші өндіріс құрылысы басталған, кен табысы, қорғасын, мырыш пен мыс концентратын өңдеу мен шығару едәуір артты. Қаланың көпсалалы шаруашылығын аса жітік басқарған, ет-сүт пен тағам өнеркәсібін, транспорт пен байланыс, қоғамдық тағамдануды дамытуға аса назар аударған. Оның қатысуымен Зыряновскте ет комбинаты, май зауыты пен нан зауыты, автокомбинат, Байланыс үйі, Мәдениет үйі, «Знамя» кинотеатры және басқа да мәдени-тұрмыстық маңыздағы объектілер салынған. Қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін, ең бастысы мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, халыққа медициналық қызмет көрсетуді дамыту мәселелерін де көзден таса қылмаған.
Екі Ленин орденімен (1971), Отан соғысы 2-шә дәреже орденімен (1945), Еңбек Қызыл Ту, екі Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медалдармен марапатталған. Түсті металлургияны дамытудағы жетістіктері үшін Н.Ф.Кузьминге 1971 ж. 30 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді, Ленин ордені мен «Серп и Молот» алтын медалдарымен. 05.12.1992 жылы Зыряновскте қайтыс болды.
Н. Ф. Кузьмин туралы әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Кузьмин Николай Федорович: б. 411.
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Казахская Советская энциклопедия 1975. Том 6
Интернет-ресурсы
Кузьмин Николай Федорович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=19020 (09.01.18)
Коцубеева Аксинья Филипповна.
1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха а. туған. 1930 жылдан Талды-Қорған облысы Сарқанд ауданында «Черкасская оборона» колхозында қатардағы колхозшы, кейінірек звеношы болып жұмыс істеген. «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.» медалімен матапатталған. Соғысқа қатысушының жесірі, төрт баланың анасы. 1946 жылы оны егістік жүргізуші звеносының звеношысы етіп тағайындаған. 1947 жылы Аксинья Коцубеева жетекшілік еткен звено әр гектардан 14,5 центнер дән және 19 гектар ауданнан 30,6 центнер дән жинаған. 1948 ж. 28 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Жарлығымен бидай, арпа, мақта мен қант қызылшасының жоғарғы астығын алғаны үшін 1947 ж. А.Ф.Коцубееваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді, Ленин ордені мен «Серп и Молот» алтын медалдарымен. Қайтыс болған күні мен орны белгісіз.
А.Ф.Коцубеева туралы әдебиеттер
Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР [Текст] // Алма-Ата. - 1950. - 412 с.
Социалистического Труда - казахстанцы [Текст]. - Т. 3. - Алма-Ата : Казахстан , 1970. - 500 с.
Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-Ата. 1950. 412 стр.
Носова Мария Алексеевна.
1918 жылы 31 желтоқсанда Шемонаиха ауданының Красный Яр ауылында дүниеге келген (қазіргі Абай облысы Бородулиха ауданы). 1935 жылы Семей педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін (қазіргі М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі) Мария Алексеевна мектепке жұмыс істеуге барған. 1939 жылы Покровск атындағы Ленинград пединститутына түседі де біруақытта орта мектеп жұмыс істеп жүреді. 1941 жылы Шығыс Қазақстанға оралып, орыс тілі оқытушысы және Шемонаиха, Таврия, Предгорный, Верх-Уба ауылдарындағы орта мектепте оқу меңгерушісі болып жұмыс атқарады. 1949 жылы Абай атындағы Алма-Ата педагогикалық институтын (қазіргі Атай атындағы ҚазҰПУ) сырттай аяқтайды. 15 жыл Өскемен қ. №11 мектептің оқу бөлімі меңгерушісі болып істеген.
1963 жылы оған халық ағартушылық үздігі құрметті атағы, ал 1967 ж. – Қазақ КСР (1967) еңбегі сіңген ұстазы атағы берілді. 1967 ж. Бүкілодақтық ұстаздар съезінің делегаты болды (1968), оған 1968 жылғы 1 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен оқушыларды оқыту мен коммунистік тәрбиелеудегі үлкен еңбегі үшін елдің жетпіс үздік педагогтарының қатарында Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Зейнетке шыққанша мектепте жұмыс істеген. Семей қ. мемориалдық тақта орнатылған.
Деректер
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы :Қазақэнциклопедиясы, 2014. – Носова Мария Алексеевна: б. 571.
Алаштың білім ордасы [Мәтін] / гл. ред. Ш. А. Жанаева, ответ. ред. Д. Сейсенұлы. - Семей : Тенгри, 2013. - 293 б.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Евгеньев, С. Человек, достойный подражания [Текст] / С. Евгеньев // Рудный Алтай. - 1968. - 5 октябрь.
Наволокин, Н. Педагогика - состояние души [Текст] / Н. Наволокин // Рудный Алтай. - 1986. - 1 янвварь.
Носова Мария Алексеевна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)
Копяков Виктор Николаевич.
1926 ж. 30 маусымда Ленинград қ. (қазіргі Санкт-Петербург) жұмысшы отбасында дүниеге келген. 7 сыныпты бітіргеннен кейін, 1940 ж. жазында колхозға далалық жұмысқа орналасқан, ал сол жылдың күзінде оны Лининград қ. (қазіргі Санкт-Петербург) КСРО №194 кеме жасау өнеркәсібі зауытына токарь шәкірті етіп алады.
Ұлы Отан соғысының басталуымен ол қорғаныс іс-шараларына қатысты: траншеялар мен танкке қарсы арықтар қазды, бекіністер мен тосқауылдар жасады, жеңдерді қайрады, бірақ сарқылуына байланысты 1942 жылы ол Ленинградтан (қазіргі Санкт-Петербург) эвакуацияланды. Сауыққаннан кейін Қызыл Әскерде қызмет етті, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қоршауын бұзу бойынша шайқастарға қатысқан, ауыр жарақан алып әскерден қайтарылды.
1944-1951 ж. – Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданындағы ( қазіргі Шемонаиха ауданы) «1 Май» колхозының звеношысы. Олар көбінесе қолмен, өгіздер мен жылқыларда жұмыс істеді, техникалық жаңалықтарды сирек қолданды, өйткені олар жоқ. Олар егістік алқаптары ұлғайып және астық өнімділігі жылдан жылға артып отыратындай жұмыс істеді. 1948 жылы ол басқарған звено 20 гектар алқаптан бір гектардан 29,4 центнер бидай егінін алды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен колхоз ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері бойынша міндетті жеткізілімдер мен келісімшарттарды орындаған кезде бидайдың жоғары өнімін алғаны, 1948 жылы МТС (машина-трактор станциясы) жұмысы үшін натуроплат алғаны және 1949 жылғы көктемгі егіске толық қажеттілік мөлшерінде барлық дақылдар тұқымымен қамтамасыз етілгені үшін В. Н. Копяков Ленин ордені мен "Орақ пен Балға" алтын медалі марапатымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Кешкі мектепті бітірген. 1952 ж. Ленинградқа барып (қазіргі Санкт-Петербург), онда зауытқа орналасқан. Ауыл шаруашылық институтының инженерлік факультетінің сырттай бөліміне түсіп, оны 1960 ж. бітірген. 1960 ж. ауылшаруашылық техникасы жөніндегі арнайы Құрылмалық бюросына барып, алдымен инженер, кейінірек құрылымдаушы болып, ал одан кейін топ жетекшісі болып жұмыс істеген. Оның көптеген өнертабыстары жаппай өндіріске енгізілді. Ленинградта тұрған (қазіргі Санкт-Петербург).
Ленин орденімен (1949 ж.), медальдармен марапатталған. Өлген жылы мен күні орнатылмаған.
Деректер
Социолистік Еңбек ерлері - қазақстандықтар [мәтін]. Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Копяков Виктор Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Копяков Виктор Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=21979 (10.01.2018)