"Парасат жолы" жаңалықтар

2021 жылдың 11 ақпанында ауылдық кітапханаларда ұйымдастырушылық мәселелері мен ақпараттық бұрыштар рәсімдеу жөнінде «Парасат жолы» аймақтық орталықтардың қашықтық тәртіпте жұмыс кездесуі өткізілді.

2021 жылдың 19 ақпанында «Параст жолы» Шемонаиха орталығында жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері мен жергілікті қоғамдастық мүшелері онлайн-кездесуге қатысты, оның модераторы облыстық ақпараттық-ағарту штабының басшысы Арайлым Есімбекова болды. Сөз сөйлегендер қатарында Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалының директоры Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев,  Қазақстан Жазушылар Одағының Семей қ. филиалының басшысы Мерей Карт, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акамедиясының ШҚО бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру кабинетінің профессоры Грызунова Галина Васильевна болды. Кездесу барысында халық санаттары ортасында парасаттылық идеологиясын ілгерулетуге жерлгілікті шығармашылық зиялылар мен қоғам белсенділерін тарту маңыздылығы айтылды. Онлайн-кездесуге О.А.Рябиченко қатысты- Шемонаиха аудандық жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі түсіндіру- ақпараттық штабының мүшесі, Жастар ресурстық орталығының директоры.

   2021 жылдың 24 ақпанында «Парасат жолы» Шемонаиха орталығы О.Бөкей атындағы ОКЖ (Өскемен қ.) ұйымдастырған "Парасат жолы - Тәуелсіздік тірегі" атты онлайн-кездесуге қатысты. Кездесу жастардың рухани-өнегелік тәрбиесіне арналды. Кездесу модераторы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахытқазы болды. Сөз сөйлегендер қатарында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттік басқармасы бастығының бірінші орынбасаоы Жігер Байдильдин болды. Сондай ақ, кездесуге мәжіліс депутаттары, «Жас Отан» жастар қанаты, мәдениет өкілдері қатысты. Кездесу барысында Өскемен ауданының бас имамы Е.Мұқатай ислам көзқарасында жемқорлық зиянына өз пікірімен бөлісті.

    2021 жылдың 5 наурызында Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттік Төрағасы кеңесшісі Жылқышиева Жазира Жақсалықованың қатысуымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілген есеп беру жиналысына қашықтықтан қатысты. «Парасат жолы» Республикалық орталығының басшысы Садыбек Түгел, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Мұңалбаева Үмітхан жасалған жұмыс жайлы ақпаратпен сөз сөйледі. Жиналысқа дайындық кезінде орталықтың бірінші айының жұмысына қорытынды шығарылды.

    2021 жылдың 18 наурызында «Пасарат жолы» Шемонаиха орталығында Шемонаиха және басқа аудандар кітапханашыларының Өскемен қ. А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері және ардагерлерімен онлайн-кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу кәсіби этика мен жұмысқа адалдық қатынасына арналды. Кездесуге жаңадан бастаған қызметкерлердің де, өз тәлімдерімен бөліскен  тәжірибелі мамандардың да қатысуы маңызды болып табылады. Сондай ақ, кездесуге қоғамдық өкілдері  (Өскемен қ. шығармашылық клубтарының жетекшілері Панова Наталья Васильевна мен Абдеева Яна Борисовна) және шығармашылық зиялылар («Звено Алтая» Шемонаиха әдеби бірлестік жетекшісі Ульянова Надежда Ильинична) да қатысты. Кәсіби кездесу нәтижесін Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Шағиева Бибигүл Жамбыловна шығарды.

    2021 жылдың 29 наурызында «Парасат жолы» орталықтарының жұмыстарын қорытындылау бойынша жиын барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Мұңалбаева Үмітхан аймақтық кітапханалар қызметкерлеріне халықпен белсенді иделогиялық жқмыстары үшін алғыс білдірді.

 

 

       2021 жылдың 14 ақпанында Шемонаиха қ. Гуманитарлық-Техникалық колледжінің студент жастарының «100 жаңа есім» ұлттық жобаға қатысқан Александр мен Карина Пестовыхтар жас отбасымен онлайн-кездесуі болып өтті. Олар бозбалалар, бойжеткендермен өздерінің өмірлік және шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, лайықты арманға ынталану маңыздылығы туралы айтты.

       Мекеменің қаржы қызметінің ашықтығы мен айқындығы үшін «Ашық бюджет картасы» электрондық ресурсында «Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Шемонаиха орталық аудандық кітапхана» КММ бюджеті қойылған.

     Сәуірде Шемонаиха ауданының кітапханаларымен әлеуметтік желі парақшаларында ақпараттық постерлер мен бейнематериалдар жарияланды, мәселен, «Жемқорлыққа жоқ деп айт» Зевакино ауылдық кітапханасы, «Парасат жолы» Убинка ауылдық кітапханасы, «SТОP – Жемқорлық» Волчанка ауылдық кітапханасы және т.б.

   

   15 сәуірде Верх-Уба ауылдық кітапханасының кітапханашысы балаларға «Билер- білім мен даналық сақтаушылары» онлайн-әңгімесін өткізді, сондай ақ жеке тәртіпте әкімдік, бюджеттік сала мамандары мен оқырмандардың «Жемқорлықты бірге жеңеміз» тақырыптық сөресімен танысуы өткізілді.

 

 

      Красная Шемонаиха ауылдық кітапханасындағы «Парасат жолы» бұрышын ауылдық округ әкімі А.Қ.Ожекенова көріп қайтты.

    Камышинка ауылдық кітапханасын «Вавилон ауылдық округы әкімдігі» ММ мамандары көріп қайтты. Бару мақсаты «Парасат жолы» жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бұрыш көрмесімен танысу болды.

     Сәуір-мамырда ШҚО бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі Департаментімен бекітілген жоспарға сәйкес кітапханалар Шемонаиха аудандық әкімдіктің ресми парақшасында 11 тікелей эфир өткізді. Сөз сөйлеу тақырыбы мәдениет саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекет болды.

 

    10 маусымда Шемонаиха орталық аудандық кітапханада «Жемқорлыққа: Жоқ деп айт!» жағдаят ойын болып өтті. Карантиндік шаралар сақталуымен күн ағымында пайдаланушылармен жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке жұмыс жүргізілді. Көрнекілік үшін пара туралы көркем фильмдерден үзінді көрсетілді, мәселен: «Белое солнце пустыни», «Ты мне – я тебе».  Оқырмандар ұсынылған әдебиеттерден мембюджетін шығындау, ұрлау және т.б. туралы сөз бар туындыларды таңдады. Жас оқырмандармен бірнеше жемқорлық жағдаят ойнатып және осындай жағдайларда өзіңді қалай дұрыс ұстау керектігін талқыладық.

   Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі ҚР Агенттігінің кешенді жоспарын орындау және ШҚО бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Жалмагамбетовпен бекітілген қоғамдағы заңдылықтарды ілгерілету үшін, 13 тамызда «Адалдық сағаттары» ай сайынғы республикалық акция аясында Шемонаиха орталық аудандық кітапхананың «Парасат жолы» орталығы базасында музей қызметкері Н.Рудакованың қатысуымен парасаттылық сағаты өткізілді. Іс-шара ресми емес жағдайда e-gov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының келушілерімен сұхбат түрінде өтті.

    

 

"Парасат жолы" орталығы

"Парасат жолы" орталығы

 8 ақпанда Шемонаиха орталық аудандық кітапханада «Адалдық алаңы» жоба аясында «Парасат жолы» аймақтық орталығы ашылды. Орталықтық негізгі мақсаты – қоғамдастық өкілдері және шығармашылық зиялылармен бірлесіп парасаттылық иделогиясын ілгерілету.

        

  Ашылуға "NurOtan" партиясының Шемонаиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шабанова Елена Ивановна қатысты. Ол адамның ішкі мәдениеті мен оның адалдық пен еңбексүйгіштік сынды моральдық қасиетін дамытудағы маңызды ағартушылық рөлін кітап атқаратынын аатап айтты.

   

      

     Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттік сайтында ғылыми және сала әдебиеті бар онлайн-кітапхана орналастырылған. Сондай ақ, мәдени парасаттылықты қалыптастыру бойынша көркем туындылардың толық мәтінді нұсқаулары берілген:

 

http://www.antikorlib.kz/index.php/biblioteka2/khudozhestvennoe-proizvedenie

               

    Шемонаиха аудандық жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі түсіндурі-ақпараттық штабының мүшесі О.А.Рябиченконың «Парасат жолы» Шемонаиха орталығына жұмыс бабымен келуі.

   

        Мониторинг мақсатымен «Парасат жолы» Шемонаиха орталығында «Шемонаиха қ. әкімі аппараты» ММ бөлімінің басшысы Н.С.Иванова болып қайтты. Келу кезінде ол жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі 2021 жылға жұмыс жоспарымен танысты.

   Шемонаиха ауданының 8 ауылдық кітапханаларында ақпараттық бұрыштар рәсімделген (стендтер мен тақырыптық сөрелер). Рәсімдеу кезінде жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша материалдар қолданылды. Стендтер келушілердің визуалдық қол жетімді орындарына қойылған.  Қылмыс және әкімшілік құқық бойынша сала басылымдары, Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы «Бес индустриалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 қадам» ұлт жоспарының 13 қадамымен «Жемқорлықпен күресті күшейту», сондай ақ мерзімділік баспалар материалдары ұсынылған.

   

 

     

     Выдриха ауылдық кітапханасының ақпараттық бұрышында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Ғ.А.Раимбекова мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.С.Степанова болып қайтты. Камышинка ауылдық кітапханасының ақпараттық бұрышында ішкі саясат бөлім маманы мен жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі ақпараттық-түсіндурі тобының мүшесі болып қайтты. Орталықтың 1 тоқсандағы жұмыс нәтижесі «Shemonaihaadaldygalany” Шемонаиха жобалық шеп-кеңес басшысы И.Е.Қойшубаеваға ұсынылды. 

 

 

"Парасат жолы" Шемонаиха орталығының жаңалықтары

 

"Парасат жолы" Шемонаиха орталығының  2021 жылға жұмыс жоспары

«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Шемонаиха орталық аудандық кітапхана» КММ ашық бюджеті

 

2022 жылға «Парасат жолы» жобасы аясындағы іс-шаралар жоспары

2022 жылға «Парасат жолы» жобасы аясындағы

«Шемонаиха орталық аудандық кітапхана» КММ іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Жауапты

1.

Кітапханадағы «Парасат жолы» аймақтық орталық жұмысын ұйымдастыру

Тұрақты негізде

Меңгеруші

С.А.Горьковая

2.

Кітапхана сайтында «Парасат жолы»  арнайы парақшасы толықтыру. http://shemlibrary.kz/

Материалдардыі келіп түсу көлемі бойынша

мультимедиялық басылым мен ЖК жөніндегі маман  

М.Ф.Мисько

3.

Қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен, әкімшілік органдар өкілдерімен, шығармашылық зиялылармен, қоғамның белсенді азаматтарымен бірлескен жұмысты жолға салу.

Тұрақты негізде

Аға кітапханашы

Ю.В.Меллинг

4.

 «Шығыс-Адалдық алаңы» аудандық жобалық кеңсемен, аймақтық ақпараттық-ағарту штабымен және т.б. тығыз ынтымақтастық орнату.

Тұрақты негізде

Кітапханашы Л.Б.Ерманова

5.

 «Парасат жолы» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыста  ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету. .

Тұрақты негізде

Аға әдіскер-библиограф

И.В.Крутина

6.

Әлеуметтік желілерде «Парасат жолы»орталығының жұмысын белсенді насихаттау.  

Тұрақты негізде

Барлық кітапханалар

7.

Пайдаланушылардың барлвқ санатымен жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу.

Жеке жоспар бойынша

Барлық кітапханалар

8

Парасаттылық тақырыбына постер, презентация және бейнематериалдар жасау.

Тұрақты негізде

Барлық кітапханалар