Иванов Анатолий Степанович
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
1928 жылы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха ауылында дүниеге келген
1950 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Новосібір облысының Машков ауданында «Ленинское знамя» газетінің редакторы болып жұмыс істеді.
«Повелитель», «Тени исчезают в полдень», «Вечный зов», «Ермак» және басқа да шығармалардың авторы. Кітаптар бойынша КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған фильмдер түсірілді.
1960 жылдан бастап Мәскеуде тұрды. 1972 жылдан бастап «Молодая гвардия» журналының тұрақты редакторы. КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, КОКП 27 съезінің делегаты, бірнеше шақырылымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
1984 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, «Ленин ордені» және «Серп и Молот» алтын медалі табысталуымен, кеңестік әдебиеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін, өз шығармаларында әлеуметтік әділеттілік салтанатының көрінісі үшін марапатталды.
Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Шемонаиха қаласы, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің, еңбек ұжымдарының қолдаухаттары негізінде ауданның тарихи және мәдени мұрасына сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі үшін аудандық Мәслихаттың 1999 жылғы 20 мамырдағы № 26-2 шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.