баспасөз-анонс
- Толығырақ
- Категория: «Ашық оқу. Шекарасыз» жобасы
«Ресей-Қазақстан. Шексіз ашық оқу» халықаралық жоба - Ленинград облыстық балалар кітапханасы (ЛОБК), Шемонаиха орталық аудандық кітапхана мен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бірлескен жобасы. Жоба 2014 жылдан іске асырылып келеді әрі «Взаимодействие с соотечественниками, проживающими за рубежом» Ленинград облысы Үкіметінің Бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. Санкт-Петербург Жазушылар Одағы, Пушкин Үйі (РАН), Балалар кітабы үйі/Басылым «Детское время», «Розовый жираф», «КомпасГИД», «Самокат», «Речь», «Поляндрия», «Белая ворона» жетекші басылымдарымен қолдау көрсетіледі.
Жобаға қатысушылар – танымал және жас ресейлік авторлар мен суретшілер - А. Гиваргизов, М. Яснов, С. Махотин, Е. Соковенина, Ю. Кузнецова, Е. Мурашова, Н. Волкова, М. Бычков, Л. Романовская, А. Петрова, А. Амраева және т.б. Қазақстан тарапынан – прозаик және сценарийші Зәуре Туреханова, прозаик, сценарийші және суретші Лилия Калаус, Нұрдәулет Ақыш, Саят Қамшыгер, жергілікті авторлар Кәмшәт Нұғыманова, Күлмай Сембаева және т.б. Ынтымақтастық стратегияларының бірі – кәсіби идеялар және балалар мен жеткіншектердің кітап оқуларын қолдау тәжірибесін дамыту. Ресейлік және қазақстандық жазушылар мен безендірушілер балалармен және кітапханашылармен бірге шексіз оқу кеңістігі мен мәдениет диалогын жасайды. Бұл - «Бір-бірімізді танимыз! Кітаппен!» форум, «Отбасылық оқу антропологиясы» зерттеу, «Балалар кітабы мен балалар оқуы. Болашақ қазіргіде» диалог-кездесу».
1300 аса үздік балалар кітаптары – ресейлік және әлем әдебиеттерінің жауһары – өтеусіз пайдалануға берілді және де Шемонаиха орталық аудандық кітапханада ашылған «Халықаралық Балалар кітаптары Орталығының» түйінін құрайды. Жыл сайын бұл кітаптар жасөспірім кітапқұмарларды қуантып, облыстың аудандық кітапханаларын «саяхаттайды».
«Ресей-Қазақстан. Ашық оқу. Шексіз» заманауи кітапханалық тәжірибелерді дамыту, қазақстандық және ресейлік оқырмандардың жаңа буынының өзарабайланысы мен ықпалдастығын және балалар мен ересектердің ұлттық пен әлемдік ақпараттық және кітап ортасына бірігуін қолдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.