Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы, жеке зейнеткер, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері.

1927 жылы 15 желтоқсанда Семипалатинск губерниясы Абралинск болысы Карален а. (Қайнар а. маңайында) дүниеге келген. 30-шы жылдардың басында әкесі қаза болғаннан кейін Ақыл кенже бауырымен балалар үйінде тәрбиеленген. 1932-1937 жылға дейін А.Турсумбеков туысқандарымен бірге Ресейдің Новокузнецск  қ. тұрғған, одан кейін Қазақстанға Шемонаиха станциясына оралды. А.Турсумбеков үлкен немере ағасы Х.Толеутаевтың қолында тұрып тәрбие алған.Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін бастауыш мектептің 3 сыныбын аяқтаған. 1942 жылы Томск темір жолы арақашықтық жолындағы Шемонаиха бекетінде жол жұмыскерінің шәкірті болып еңбек қызметін бастаған. 1943 жылы жол жұмысшысы, 1946 жылы- аға жол жұмысшысы, 1963 жылы- жол бригадирі, 1977 жылы- жол шебері болды. Защита бекеті мен Жамбыл қ. екі рет курста оқыған. А.И.Тургунбеков өз өмірінің жарты ғасырын, қатал тәртіп, құрам қозғалысы қауіпсіздігінің жауапкершілігі мол,  теміржолшы кәсібіне арнаған. 

   Жұмыстарына тәулік уақыты мен ауа-райы әсер етпейтін, ол басқарған ұжымның еңбегі жедел әрі ұйымшыл болды. 1987 жылы зейнетке шыққаннан кейін де А.И. Турсумбеков 1993 жылға дейін жұмыс істеуін жалғастырды. Теміржолда жоғарғы жұмыс нәтижесіне қол жеткізгені, ауданның экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 1999 жылы оған «Шемонаиха ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

   Еңбекшіл Қызыл Ту орденімен, «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдарымен, мерейтой медальдарымен, 1973, 1974, 1975, 1976, 1979 жылдары «Победитель социалистического соревнования» белгісімен, «Отличник социалистического соревнования железнодорожного транспорта», «Почётному железнодорожнику» белгілерімен марапатталған. А.И.Турсумбековтың еңбек кітапшасына 1943-1986 жылдар ішінде 114 көтермелеу мен марапаттаулар туралы жазба енгізілген.

Ақыл Ибраимович 2008 жылдың 20 тамызында дүниеден өтті.