Салманханова Ирина Сергеевна

1980 жылы 19 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қ. әскери қызметкер отбасында дүниеге келген. 12 жасқа дейін балалық шағы Әзербайджан мен Чукотканың әскери гарнизондарында өтті. 1997 жылы Шемонаиха қ. Н.Островский атындағы орта мектепті бітірген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша  жоғары білім алған. Мұғалім болып жұмыс істеген, негізінен ауылдық мектептерде.

   Алғашқы шығармашылық қадамын ерте бастады. Анасы, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі поэзияға, әдебиетке деген махаббатпен баулыған. Аудандық іс-шараларға, әдеби оқуларға, конкурстарға белсенді қатысқан.

   2011 жылдан бастап ол фотосуретке үлкен қызығушылық таныта бастады, бұл кәсіби қызметке айналды. Шығармашылық шабыт көзі православие сенімі болды. Поэтикалық әуестен ұзақ үзілістен кейін ол «Разговор с душой» өлеңдер топтамасын жазды. Ол өлеңдерінің көп бөлігін өзінің фотографиялық жұмыстарымен суреттеді.

Россиева Ольга Владимировна

1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында тұрады. Мырышталған ыдыс-аяқ зауытында жұмыс істеді. Ол мектепте өлең жаза бастады және әлі күнге дейін жалғасуда. Олардың кейбіреулері жергілікті «ЛЗ сегодня», «Уба-информ», «Славянка» газеттерінде басылды.

Кузяков Виктор Михайлович

1947 жылы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевка ауылында дүниеге келген. Каменевка бастауыш мектебін бітіргеннен кейін Усть-Таловка орта мектебінде оқыған. Жоғары педагогикалық білімі бар тарих мұғалімі кәсібі бойынша. Мұғалім болып, кейін Шығыс Қазақстан Шемонаиха ауданы Выдриха орта мектебінің директоры жұмыс істеген. Өлеңді жастайынан жазған, Өскемен қ. «Рудный Алтай», Шемонаиха қ. «Уба-информ» газеттерінде басылған. 2018 ж. 17 маусымда қайтыс болды.

Писаренко Татьяна Александровна

1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Медведка ауылында орманшы отбасында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақстан ауылшаруашылық институтының орман шаруашылығы факультетін бітірген. 12 жасынан өлеңдер жаза бастаған, ал алғашқы өлеңі студенттік газетте басылып шықты. Шемонаихаға көшкенннен кейін, «Ленинское знамя» газеті редакциясында техничка болып жұмыс істеген. Поэтикалық конкурстарға қатысқан, ал 2006 жылы «Звено Алтая» ӘдебБ Шемонаиха филиалының мүшесі болды. Флористикамен әуесқойланған.

Крючков Николай Сергеевич

1937 жылы 17 шілдеде Шемонаиха ауданы Усть-Таловка а. дүниеге келген. Алғашқы өлеңдерін студент кезінде жазған. Ақын И.Фоняков жетекшілігімен новосибирское әдеби бірлестігінің мүшесі болған. ШҚ МХК байланыс бөлімін, кейіннен аудандық поштаны басқарған. 2005 жылы Ресейге көшіп кеткен.

    «Ленинское знамя» Шемонаиха аудандық газеті жанындағы «Вдохновение» ӘдебБ, ал кейінірек- «Звено Алтая» ӘдебБ Шемонаиха филиалының белсенді қатысушысы болған.

     «Радуга»  балалар өлеңдер кітабы Усть-Таловка  мектебінің 40 жылдығына орай басылып шықты, екіншісі-«Школьные ступени» Шемонаиха ауданының 75 жылдығына орай жарық көрді. Кейініректе «Ежевика», «Родник» және т.б. өзі басып шығарған кітаптары шықты.

   2005 жылдан 2011 жылға дейін Тверь облысының Конаковский ауданының Дмитрова Гора ауылында тұрған.  Конаковский орталық кітапханасы қорында оның соңғы үш кітабы бар: «Облака: Стихи»(2007ж.); «Жизнь, как есть: Стихи, поэма» (2008ж.); «Ваших дней не смолкнет слава: Книга памяти» (2010ж.). Баласы Е.Н. Крючков Мәскеу суретшілер одағының мүшесі.

   2011 ж. 30 қаңтарда қайтыс болды.