Троеглазова Татьяна Андреевна

1965 жылы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы (бұрында Зыряновский ауданы) Лесная пристань ауылында дүниеге келген. Сегіз сыныптан кейін Белоусовка КТУ-70 тракторшыға түседі. 1989 жылы Шемонаиха ауданы Октябрьский ауылына көшеді. Машиналық аула слесарь, безендіруші суретші, сауыншы, бұзау бағушы. Ауылдық мәдениет үйінде техничка болып жұмыс істеді. Өлеңдерді 2000 жылы жаза бастады.

Сычёва Эрика Анатольевна

1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қ. үлкен отбасында дүниеге келген, өзінен басқа он аға-інісі мен әпке-сіңілдері болған. Жас кезінен өлең жазуды байқаған, ал прозаны «Звено Алтая» ӘдебБ Шемонаиха филиалының мүшесі болғаннан жаза бастады. Әңгімелері «ЛЗ сегодня», «Уба-информ», «Мой город  Шемонаиха» газеттерінде басылып шығарылған. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында тұрады.

Соболькина Любовь Серафимовна

1951 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 18 жасынан бастап өлең жазады. Медицина қызметкері, функционалдық диагностика бойынша жоғары санатқа ие. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Семей қаласында тұрып, жұмыс істеді, 2009 жылы Шемонаихаға оралды.

Соколова София Андреевна

1979 жылы 6 сәуірде Абай облысы (бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұта ауылында өтті. 1991 жылдан Шемонаиха қаласында тұрады. Мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі. «Ю. А. Гагарин атындағы № 3 орта мектеп» КММ  педагог болып жұмыс істейді. Ол 10 жасында өлең жаза бастады.

 

Сидорова Валентина Фёдоровна

1948 жылы 16 ақпанда Алтай өлкесі Барнаул қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Шемонаиха қ. бітірген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін балабақшада тәрбиеші болып жұміс істеген. Бала кезінен көркемөнерпаздыққа қатысып, өлеңдер жазған. Аудандық Достық үйі жанандағы украин этномәдени бірлестігінің «Чаровницы» вокалдық тобының қатысушысы. «Звено Алтая» ӘдебБ Шемонаиха филиалының мүшесі.