- Толығырақ
-
Категория: Әдеби Шемонаиха
Седешев Петр Макарович
1918 жылы 15 шілдеде Алтай өлкесінің Нечунаево Шипуновское ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы, әскери мамандығы екеу-радиошы және ауыр танкілердің механик-реттеушісі. Соғыс кезінен шағын суреттеулерден бастап жаза бастаған. Іскери тілші ретінде әскери тілшілер семинарларына қатысқан, сонда Илья Эренбургпен танысып, ал кейінірек хат алысқан, жазушылар БорияПолев, Николай Тихонов, Константин Симоновпен жолыққан. Сонда табиғат Петр Макаровичке өзін түсіну мен бағалауға, қоршаған әлемді танып-білуге, бұл әлемдегі өз орнын анықтауға көмектесті. "Я создан природой для природы, а река Уба, горы, леса, луга - мой постоянный компас"- депөзөмірбаянындажазған. Шынында да, оның кішкентай өлеңдерін, табиғатты суреттеулерін оқи отырып, оның қоршаған әлемді соншалықты сезінгеніне,оның қарапайым ауыл жолын жарқын, бейнелеп жазғанына таңырқайсың. Ал одан әңгімелері үшін сюжеттерді қайдан алғанын сұрасаң, үнемі былай жауап береді:"писать о природе очень просто, нужно только уметь слушать её..., а если приглядеться к окружающему миру, он обязательно поможет разжечь в душе костер доброты".Шемонаихадағы «ЛЗ сегодня» аудандық газетінің тұрақты штаттантыс тілшісі болған. Қазір ШҚО Риддер қ. тұрады.
- Толығырақ
-
Категория: Әдеби Шемонаиха
Поляков Владимир Борисович
29.09.1954г. Шемонаиха ауданының Волчанка а. дүниеге келген. Өскемен ауыл-шаруашылық техникумын бітіріп, агроном мамандығын алған.
1973-75 ж. кеңес армиясы қатарында қызмет еткен. Армиядан қайтарылғаннан кейін туған ауылында агроном, Мәдениет үйінде көркем жетекші болып жұмыс істеген. 1977 ж. Семипалатинск музыка училищесіне «хор бөлімі»мамандығына оқуға түскен. 1980 жылдан ән-күй мұғалімі, 1992 ж. мектеп директоры.1995 ж. ШҚМУ география факультетінің сырттай бөлімін аяқтаған. Тұрмыстық әңгімелер, очерктер, өлеңдер авторы, оның көбісі мерзімді басылымдар, Өскемен қ. 2005 жылы шыққан жинақтамада жарияланған. Шемонаиха ауданының 75 жылдығына орай ол «Аудан гимнің» сөзі мен әуені жазды.
Шемонаиха ауданының Волчанка ауылында тұрады, Киров орта мектебінде директор қызметін атқарған.
Владимир Борисовичтің туындылары тек «ЛЗ Сегодня» аудандық газетінде ғана емес «Простор» мен «Ертіс» журналдарында да жарыққа шыққан. "Это уже не проба пера, а серьезная заявка на хорошую прозу. Эдакий прочный сплав мужицкой байки и рассказа с хорошо выписанными деталями пейзажа, портрета, речевой характеристики героев. Слог чистый, спокойный грамотный. Автор - наблюдательный рассказчик, и, чувствуется, как неравнодушен он к своим героям, людям простым, деревенским"(Мария Абзалимова), "Счастья хочется, в счастье верится": «ЛЗ» газеті бас редакторының В.Б.Поляковтың әңгімелері жариялымына алғы сөзі.
Аудан кітапханаларының оқырмандарымен бірнеше мәрте кездесулер мен шығармашылық презентациялар өтті. Жеңіл әзіл-қалжың, дәл сипаттағы әңгімелер және жанға жақын поэтикалық жолдар міне көптеген жылдар бойы өз оқырмандарын табуда.