- Толығырақ
-
Категория: Әдеби Шемонаиха
1940 ж. 10 шілдеде Ашхабадта дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының басында анасымен бірге әкесінің отаны Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына көшіп келген. Спасск жеті жылдық мектепті және Н.Островский атындағы орта мектептің сегізінші сыныбын бітіргеннен кейін 1955 жылдан қатардағы колхозшы болып жұмыс істеді, ал 1958 жылдан Шемонаиха МТС жанындағы курсты бітіріп Поручиково ауылында тракторшы болып жұмыс істеген. 1959 ж. қазанынан 1963 ж. қарашасына дейін Тынық мұхит флотының жер асты қайығында қызмет етті.
Запастағы «Кеме құрамының аға лейтенанты» әскери атағы бар. Көптеген Құрмет грамоталарымен, «Химстрой» трестінің үздік рационализаторы» Құрмет Дипломымен белгіленген. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Ақын, жастайынан өлең жазған. «Отчий край», «Звёздная россыпь», «Облака», «Я хожу по земле влюблённый» (2017 ж.), «Жизнь на добрые дела» (2017 ж.) лирикалық өлеңдер жинағы шығарылған. Кейбір өлеңдеріне музыка жазылған.
Жерлес-жазушы А.С.Иванов атындағы қоғамдық қоры құрылтайшысының бірі, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болған. «Звено алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі. 2010 жылы «Свободной музы приношенье» атты облыстық поэтикалық конкурстың «Үздік лирикалық өлең» номинациясында Жеңіспаз Дипломымен марапатталған.
- Толығырақ
-
Категория: Әдеби Шемонаиха
1967 жылы Шемонаихада дүниеге келген. Индустриалдық-педагогикалық техникум бітірген, Алтай мәдениет институтында оқыған. Журналист болмас бұрын көптеген мамандықты ауыстырған. Редакция қабырғасында өзінің досы әрі қызметттесі Валерий Ереминмен әдеби бірлестік ұйымдастырған. 10 жыл көлемінде «Звено Алтая» ӘДЕББ Шемонаиха филиалының төрайымы болды. Өлеңдер мен әңгімелері аудандық газеттерде, «Иртыш», «Восток» әдеби альмонахтарында, «Братина» мен «Я- самая» ресейлік журналдарда басылып шығарылды. Бірнеше өлеңдері «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 90 жылына арналған шығыс-қазақстандық авторлардың туындылары жинағына енгізілген.